11 қазан күні өтетін Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған "Ábish Álemi” I Халықаралық театр фестиваліне қатысты ақпараттарды толықтырдық.

Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттауға арналған алғашқы театр фестивалі 2016 жылы желтоқсан айында, республикалық деңгейде өтті.

Бүгінде, Іс-шара Халықаралық деңгейге ұлғайды.

Сондықтан да, ертең 11 қазан күні бастау алатын «Ábish Álemi» I Халықаралық фестивальді назарыңыздан жіберіп алмаңыздар!

Фестивальде өнер көрсететін ұжымдар театры:

 Армениядан Ованес Абелян атындағы Ванадзор Мемлекеттік драма театры;

 Грузиядан Г.Алиев атындағы Тбилиси Мемлекеттік Әзірбайжан кәсіби драма театры;

 Өзбекстаннан Хорезм облыстық музыкалық драма театры;

 Тәжікстаннан Камола Худжанди атындағы музыкалық комедия театры

 Түркиядан Стамбул Мемлекеттік театры;

 Түркменстаннан Лебап велаятының Сейитназар Сейди атындағы Мемлекеттік музыкалық драма театры;

 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры;

 Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық музыкалық драма театры;

 Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрлары

өнер көрсететін болады.

Қазақстан театрларының үшеуі де Ә.Кекілбаетың туындылары негізінде сахналанған қойылымдарды сарапқа салады. 

Фестивальдің өтетін орны: Ақтау қаласы, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры

Ашылуы - Үлкен зал

11-14 қазан аралығы

11:00,15:00,19:00

КІРУ ТЕГІН

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 15511



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>